Текст
05.10.2026
Ұстаздар мерекесі қарсаңында балабақшамыздың білікті әрі тәжірибелі педагог-психологы өзінің адал еңбегі, бала көңілін тапқыш шеберлігі мен білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен педагог-пихолог Токанова М.К марапатталды Бұл марапат – оның әрбір баланың жүрегіне жол тауып, олардың үйлесімді дамуына, психологиялық саулығы мен амандығына қосқан өлшеусіз еңбегінің айқын дәлелі. Ұжымдағы әрбір әріптесіне қолдау көрсетіп, ата-аналармен тығыз байланыс орната білетін маманның бұл жетістігі – бүкіл «Солнышко» балабақшасының ортақ қуанышы мен мақтанышы..